Сәлеметсіздер ме!
Бұл блогты ашуымдағы мақсат- өзімнің сүйікті хоббиім тоқымамен тоқыған дүниелермен бөлісу. Тек қана тоқыма емес, одан бөлек қолөнерлер және тағы да басқа өзімді қызықтырған дүниелермен бөлісіп отырамын. Сіздерге блогымды мүмкіндігінше пайдалы, қызықты етуге тырысамын. Көш жүре түзеледі демекші, әлі вордпресті онша игере алмай отырмын, аз-маз қателіктер болса айыпқа буйыра көрмеңіздер.
Қош келдіңіздер! Алдын ала рахмет, келіп тұрыңыздар!
УРА УРА УРА!!!
Блог ашқаныңа өте қатты қуанып отырмын!!! Іске сәт!!!
Қолөнершілер көбее берсін!!!
Рахмет, Салта!
Ашуыма сенде септігіңді тигіздің ғой, сағанда рахмет!
Сенің ізбасарларың…:)
не ғой Еркеқыз, идеяң супер екен, млиин видеосы да босла вааще болад екен, біз сияқты ана сызбадан дым ұқпайтындарға:) деееп жүктеп қояықшы саған. Болашақта ойыңда жүрсінші:)
Сәлем! Рахмет. Әрине ол ойда бар. Алла бұйыртса саламын. Тек, кішкене уақыт керек болып тұр. Жолға шықпақшы едім жақын күндерде соған дайындалып, кішкене қол тимей жатыр.)) Бірақ, саламын иншалла.
Блогың құтты болсын. Иншалла, тұрақты оқырманың боламын.
Рахмет! Ия, иншалла келіп тұрыңыз.
Сәлем! Блогың тып-тымық ағып жатқан жылғаға ұқсайды. Сондай жайлы, ашық. Сондай атмосфера бар. Кішкентай кезімде анаммен ілесіп, тоқыма тоқимын деген талпынысым ғана болатын. ол сол талпыныс күйінде ғана қалды. блогың құтты болсын!
Рахмет! Қолыңыз бос кезінде енді бізге ілесіп тоқып отырыңыз. Келіп тұрыңыз.
Еркеқыз саған қызығамын қатты!
Мәссаған, кешігіп қалыппын, мынау бір сүйкімді блог екен,жаңа ғана көрдім. Құтты болсын,ерке қыз! Оқырманыңды елең еткізерлік жазбаң молайсын!
Рахмет үлкен!
Күшті блог екен!
Өнерің өрге бассын. Тек қол өнерді ғана ермек қылмай ғаламтор деген сиқыры көп ортаға өзіңді бейімдеуде нағыз өнер.(схемалар)
Рахмет, аға! Үлкен рахмет!
men sizdi tapkan siaktimin! keremet!
Қош келдің, Ақбота! Жиі келіп тұр!
Маладессіз, ващеее,ващеее маладессіз! сәттілктер болсын!!!
))
Рахмет, рахмет!