Башмақай

 

Пинеткидің қазақшасы башмақай екенін енді біліп отырмын. Башмақай — жаңа туылған сәбилерге арналған аяқ-киім.Оны ілгемен де, спицамен де (қазақшасын білмедім)тоқуға болады. Баланың терісі сезімтал болғандықтан, оны жүннен иірілген жіптен н/е синтетикалық жіптерден тоқуға болмайды. Мүмкіндігінше мақта өнімінен иірілген жіптен тоқу керек. Тоқылуы өте жеңіл, фантазияға ерік беріп неше түрлі етіп сәндеуге болады.

Астында тоқылу процессі сурет үлгісінде көрсетілген:

Керек заттар: ілге, жіптер, қайшы, лента, ине-жіп және моншақ (сәндік үшін)

жіптердің осы көлемі жетеді, үлкенірек тоқимын десеңіздер көбірек жіп алыңыздар. Бұл әр тоқымадан қалған жіптер ғой.
Бастаймыз. Қазақшасын білмедім, орысшада воздушная петля дейді.Бірақ қайбір постта қазақшасын ілмек деді ме, олай болса 10 ілмек тоқып аламыз:

сосын сол 10 ілмектің бойымен 10 столбик с накидом тоқимыз.

сосын 10-шысына келгенде сол ілмекке(петляға)бірден 6 ст.с.н тоқимыз, ол былай:

сол алтаудан кейін қайтадан 10 ст. сн тоқимыз, сосын 10-шысына келгенде тағы тура 10 ілмекке алтау тоқимыз, сонда кішігірім овал формасында табан шыға келеді

Енді алдыңғы оң қатардың үстінен тағы 10 қатар тоқимыз, былай:

кейін, доға жасап тұрған 6 қатарды екі еселейміз, яғни әрқайсысың үстінен екі ст. с н. тоқимыз, сонда 12 қатарға үлкейеді:

шашамен, мынандай табан шығуы керек:

Осыдан кейін екі қатар полустолбик тоқимыз.

Табан дайын. енді жанын көтереміз. ол үшін ст. с.н айналдыра еш қоспай/алмай тоқимыз, сонда мынадай форма шығу керек:

Осыдан кейін санаймыз да, алды жағын шамамен көздеп, сол жерлерін мынадай етіп тоқимыз: (яғни, 3 ст. с н басын біріктіріп жібереміз, қысқарып, башмақайдың алды шыға келеді:

енді лента өткізетін бауын тоқимыз ст. с н. 1 в.п)

Шет-шетін басқа түсті жіппен айналдыра тоқып шығамыз:

алдын қалаған нәрсемен безендіруге болады. мен, мысалы кішкене көбелек тоқыдым. Гүл, лента, моншақ кез-кезген нәрсе болады. Лентасын бауына өткіземіз, дайын:

аздап мыжып кеттім ғой деймін, кешіріңіздер. Әйтеуір түсіндіре алсам игі еді. Түсінбеген жерлеріңіз болса, сұраңыздар.
сосын, сапасы үшін де кешірім сұраймын, қалта телефонмен түсірілген.

 

Ілгемен тоқу

Ілге(крючок)

Тоқыма ілгелері алюминиядан, шыныдан, ағаштан, бамбуктан және пластмассадан жасала береді. Әртүрлі жіптерге арнайы ілгенің әртүрлі өлшемде түрлері болады. Қалың жіптерді жуан ілгемен, жұқа жіптерді жіңішке ілгемен)тоқу керек. Ең жіңішке өлшемі 0,6  ал, ең  жуаны15 мм. Крючоктарды нөмірмен ажыратамыз. №1 ілгенің диаметрі 1мм, ал №2 ілгенің диаметрі 2мм т.с.с. Тиісішне жіңішкесімен жіңішке жіптерді, ал жуанымен жуан жіптерді тоқимыз.

Сосын қарапайым ілгенің ұзындығы ары кетсе 15 си-ге дейін болады. Одан да ұзын ілгелер бар, олардан керемет Тунис өрмектерін тоқиды.

Бөлек тоқымаға қажет заттар:

1. Қайшы

2 Сантиметрленген лента. Өлшеп отыру үшін..

3 Айналма бөлгiш таңбалағыштар (круговые разделительные маркеры). Тоқу барысында қай жерге келгеніңізді немесе қай жерден тоқып бастағаныңызды белгілеп қою үшін.

 4 Түйреуіштер(булавка) Бұл тоқылған бұйымның детальдарын қосуға қажет болады.

5. Ине-жіп. Бір жерлерін қосып, тігуге қажет болады.

Ілгемен тоқымасының үш түрі бар: қарапайым тоқу үлгісі(яғни, ұзындығы 15 см-ден аспайтын ілгемен тоқу), Тунистік тоқу үлгісі( ұзындығы 15 см-ден асатын ілгемен тоқу) және ашалы тоқу(вилочное).

Мен қазақшаға аудара алмадым.  Бірақ ілгемен схемаға қарап тоқуды былай суреттейін:

Воздушная петля. Схемада нүкте түрінде беріледі.

 міне тоқылуы осылай. Ілгеге жіпті іліп алып, көрсетілген тілше бағытымен шығарып аламыз. Міне осылай ша біз бір возд. петля тоқыдық.

Полустолбик.

 Бұл схемада төбесінде сызығы бар таяқша ретінде көрсетіледі.

Столбик с накидом.

Сосын столбик без накида деген бар:

Бастысы осылар.

Міне төмендегі суретте көрсетіліп қойған, осыларды қазақшаға аударса қатып кетер еді әрине. Бірақ аудара алмадым келістіріп. Өтінемін өз нұсқаларыңызды пікірге жазып кетіңіздерші. Сонда нұр үстіне нұр болар еді.

Жіптер жайлы.

Тоқыма жіптерінің негізгі түрлері:

Жіп үшін пайдаланылатын шикізаттарды қашанда табиғат берген және беруде. Мысалы, жүннен иірілген жіптерді қойдың жүнінен алады.  Одан бөлек Оңтүстік Американы мекендейтін ламалардан және түйелерден қылдай әрі жұмсақ жіп өндіреді. Ангор ешкілері түкті мохерлі жүн береді, ал ангор көжектері сол жүннің жұмсағын береді. Ерекше бағалы жүнді  Үндістанда жіне Гималай аумақтарында мекендейтін кашмир ешкілері береді. Ал, тұт ағаштарының жібек құрттарынан жібек жіптерін алады.  Келесісі мақта өнімінен өндірілген жіптер. Аты айтып тұрғандай бұл жіптің түрлері мақта өнімінен иіреді және бұл жіптен тоқылған бұйымдар жаздың ең ыстық деген күнінің өзінде  денеге салқын болып тұрады. Мұндай жіптерден тоқылған дүниелер қолмен , кір жуу машинасымен жуса да өз формасын жолғалтпайды, тек кептіргенде өз формасына салып кептурі керек.  Сондай-ақ зығырдан өндірілген жіптер де(льняная пряжа) деген салқын әрі жұмсақ болады.

Келесісі жасанды жіптер немесе вискозная пряжа дейміз ғой, осылар. Оларды целлюлоза, әртүрлі синтетикалық жіптермен табиғи жіп талшықтарымен араластырып өндіреді.

Қойдың жүнінен иірілген жіптерге тағы тоқталсақ.  Мұндай жіптер жылуды жақсы сақтайды, сонымен қатар ылғал тартқыш қасиеті де бар.  Жүннен иірілген жіптен дайындалған өнімді жылы суға жұмсартатын жуу құралын салып(мягкое стирающее средство) шаю керек. Сүлгімен орап сығып, өзінің формасына  салып кептіру керек. Егерде жіптің(немесе өнімнің) сыртында «super wash»  деген жазу бар болса, онда оны кір жуу машинасы салып, арнайы программамен 30 гр. суда жуу керек. Кептіргенде күннің көзіне жайып кептіруші болмаңыз.

Фасонды жіптер(фасонная пряжа) . Бұл сапасы жағынан да, түсі жағынан да әртүрлі жіптердің иірімінен өндірілген жіп. Бұл жіп тегіс және ірі  өрнек(узор) тоқуға өте жақсы жіп. Бұл жіптен тоқылған заттарды тура жүннен тоқылған өнімдерді сияқты қолмен жуып, өз формасына салып кептіру қажет.

Түкті мохерлі жіптерден жемпірлер мен қалық жакеттер тоқиды. Мұндай жіптерден тоқылған өнімдерді көп жуа беруге болмайды, анда-санда таза ауаға жайып қойса жетеді. Жуған күннің өзінде де аздап жылы(бөлме температуасындай) суға арнайы жуғыш құралды қосып немесе кәдімгі шаш жуатын шампунь салып жуу керек. Кепкен соң щеткамен түктерін қайта тұрғызу керек.Сонымен қатар экопряжа деген жіптер бар. Қазақшасы эко жіптер болатын шығар)). Яғни, еш қоспасыз, таза мақта мен зығырдан өндірілген экологиялық таза жіптер.

Шұлық жіптері. Бұл жіптердің 70 пайыз қойдың жүнінен иірілген жіп, ал 25 пайызы синтетикалық жіптер. Сол үшін бұл жіптердің тозуы қиын, сонымен қатар кір жуу машинасына салып жууға да жарайды.

Акрил. Өз басым тек осы акрилден тоқимын. Тоқуға ыңғайлы, бағасы арзан, жылы әрі кигенге де ыңғайлы. Тек бір ғана кемшілігі оның ылғаш тартпайтыны, яғни аз тартады,  бірден-бір кемшілігі сол.

Қызыл көйлек.)

Тағы бір көйлек. Қызыл түсті.  Беретімен. Береттің диаметрі 17,5 см, ал көйлектің ұзындығы 42 см. Бұлай жазған себебім көйлек сатылады. аламын деушілер болса, сатамын.))

Тоқылған той көйлектері

Тоқылған той көйлектерін көріп, тамсанып қалдым. Алла бұйыртса,  тұрмысқа шыққанымда той көйлегімнің бір детальі болса да тоқылған болғанын қалаймын.

Жумонг деген кім?

Төменгі посттан кейін Жумонг деген кім еді деп қалуларыңыз мүмкін. Кішкене мәлімет жаза кетейін. Қазақстан телеарнасынан “Ханзада Жумонг” деген сериал болған. Оңт. Корея сериалы. Оны көпшілік қауым көріп, жылы қабылдады.  Сонда Жумонгтың рөлін Оңт.Корейлік актер Сон Иль Гук сомдады. Шынайы, тамаша ойнағандығы сонша, халық оны кәдімгідей батыр сияқты жақсы көріп кетті. Менде әрине.

Сон Иль Гук(Song Il Guk)-Оңт. Кореяның ең атақты, талантты десем артық болмас, актерларының бірі. Ол көптеген тарихи дорамаларда түскен, атап айтқанда: “Ханзада Жумонг” , “Владыка морей”, “Құйынды мекен” және тағы  б. Анасы актриса екен Kim Eul Dong дген, ал нағашы аталары атақты генерал болған екен. Очм, мықты екен бабалары.))

2010 жылы “Көк үйге” шақырылып, жоғарғы адамрмен кездескен, оның ішінде біздің елбасы Н.Назарбаевта болған.  (авторитет даЧы)

Жумонгтан автограф

Джумонгтан автограф алдым. Ол кім еді деп қалуларыңыз мүмкін. Зере мына жерде толық жазып кеткен болатын. Астанаға осыған бола келдім шынымды айтсам. Осы уақытқа дейін Астананы көру еш бұйырмап еді, үйдегілердің құлақтарынан құлақ қалдырмай, қайта-қайта айтып, келіп қалдым. Келгенімді қайтейін концертіне бара алмайтын болдым. Бірақ, кеше Сон Иль Гук автограф береді деген соң, ағама апар дедім. Уақыт бөліп апарғанына мың рахмет ағама. Адам көп екен. Біз барғанда көргеніміз ең соңғы адамдар екен, көбісі ішке кіріп кетіпті. Қалған фанаткаларымен сөйлесіп тұрдым. Түсте адам өте көп еді дейді, қыздар кіргізбей бірін-бірін итеріп тұрды дейді әлгі қыз. Енді мен фанаткамын деп жүрсем, мен жәәй еріккен екенмін, әлгі қызды нағыз фанат десе болады. Ужс, айта алмаймын енді, «я его уже 6 месяцев жду» деді))) Айтқандарынан нағыз фанат екені көрініп тұр. Тағы біреуге «я получила автограф» десе әлгісі «поздравляю» деп қуаныштан секіріп, бір-бірін құшақтап тұр.))) Алдыңғы жақтарында бір апа жүр.))) Ауылдан келгендігі көрініп тұр.)) Очм, эмоция көп, бірақ жеткізе алмай отырмын. Концертке бара алмайтыным өкінішті. Бірақ, сол әртістермен кездессем ғой бетпе-бет деген арман өзегімді өртеп барады. Ағама айтсам ба екен кездестіріп берші деп. Ай қайдам бірақ, наққа жіберсеме игі еді. Барына қанағат қыламын-ау. бірақ, кездескім келіп отыр ыхым-ыхым, жльядым.(

Тоқыма қалды…

Блогым жаңармай қалды, себеп: қыдырып жүрмін. Астанаға келдім. Арасында кішкене тоқып та қойып  жүрмін, аздап жіп ала келгенмін ғой . Мұнда жіптер сұмдық қымбат екен , бұл жақта енді тоқымаймын.((

Ал, енді Астанаға келетін болсам, керемет қала ! Үлкейіп келеді екен, қаланы аралатып көрсеткенде шатасып та қалдым, қайсы қайсы деп.  Солай енді.., Тоқымадан бөлек жазбалар жазып тұратын шығармын енді. :) Видео сабақтарда жайында қалды. Жақсылап қыдырып алайын, сосын жалғастырамын.)))

Бірінші рет..

Бірінші рет қоржын тіктім. Енді басы ғой бұл. Бұл қоржын бұйыртса Алматыға құдалыққа кетейін деп жатыр :) ).  Негізі, базарда көп түрлері бар екен, қымбатта емес екен . Бұрын сонды осындайға қызықпағанмын, енді көріппін қоржындарды. :)

Шәлі немесе орамал тон болмайды, жол болады.

Бұл жолы көрсетейін деп жатқаным шәлі(шаль) немесе орамал. Өткен жолы санасам азды-көпті 16 орамал тоқыған екенмін. Біреуі ғана үйде, ал қалғандарының барлығын сыйға тартып жібердік. Блогқа салатынымды білмедім ғой, болмаса әрқайсысын жеке-жеке түсіріп алар едім :D . Үйдегі жатқанын көрсетейін. Ілгемен (крючок)тоқылады. Ұзақ уақытты алады, кейде аяқ жағында зерігіп кетесін.)))(Өзім жалқау болған соң солай ғой енді).

Суреттің сапасы нашар болғаны үшін кешірім сұраймын. (Ұялы телефонмен түсірілген)
Мм… сосын суреттегі менмін ғой, модель емеспін, айыпқа бұйырмаңыздар, сосын түсірушінің өзі де сурет түсіру өнерінен жұрдай екен.))