Тағы да көйлектер.))

Тағы екі көйлек тоқыдым. Екеуі бірдей үлгіде. Бірақ,  өкінішке қарай суреттер ұялы телефонмен түсірілген. Сапасыз. Цифровигіме USB  шнур алайын, суреттерді сапалы етіп енгізіп тұрамын иншалла. Және, ілгемен (крючок) тоқуды видеоға түсіремін. Яғни, алдағы кезде үйренемін деушілерге видео сабақтар болады. :)

Енді міне көйлектер:

Схемасы инеттен алынды.  Схемасы мынау:


Анау тоқ қызылдан тоқылған көйлек суретте онша ашылмапты, қайта фотошоппен ашық түс бердім.)))

Инш, бүгін тағы бір көйлек бастаймын. 

Пончо беретімен :).

Суреттегі қыз 5 жасар. Менің сіңлім (ағамның қызы). Алдын жеңешеме шәлі(шаль) тоқып бергенмін. Соны көрген сіңлім мағанда алды жабығынан тоқып берсін депті. Ойыма пончо түсті.  Қолымда көлемді жіптер болмады, тек бір орам(моток) ашық қызыл жіп бар етін.  Содан бір шәліден қалған азғантай қарақошқыл(пурпурный цвет) түсті жіпті қосып, бір пончо шығардым.  Мен тоқып болғанда, мамам қаладан қызыл түсті жіп әкелді.  Көре сала “Уау, мынадан қосымша берет тоқимын” дедім. Сонымен пончо беретімен тоқыдым. Шынымды айтайын, берет онша шықпады. Алдын бір жіптен тоқығаным тамаша шығып еді, жіптен болды ма, әйтеуір онша шықпады. Кисе киді, кимесе қояды деген оймен беріп жібердім Астанаға, сіңліме.  Суреті мынау:

Тоқымаға сипаттама берейін. Екеуінде ілгемен тоқыдым немесе біз дейін. Орысша атауы крючок.  Пончоны өз ойымнан тоқыдым(авторская работа) , ал беретті схемаға қарап тоқыдым. Түкте қиындығы жоқ.

Кішкентай қыздарға көйлектер :).

Бұл көйлекті мен Керекинфо сайтына да қойған едім. Енді осында да қоймақпын.

3-жасар сіңліме арнап мына көйлекті тоқыған болатынмын. Бірақ, оған сыймай қалды.

Содан күні кешегіге дейін үйде жатты. Құры жатқанша сатып көрейінші, ала ма екен деп ойладым да, бір дүкенге апарып қойып қойдым. Тек қана сатылып қоймай, тапсырыс та түсіпті. Бір жасар қызға шапкасымен тоқып берсінші деген екен. Одан бөлек тағы екі көйлек түсіпті, бірақ олар асығыс емес екен.
Міне, көйлек:

Hello world!

Welcome to WordPress.com. After you read this, you should delete and write your own post, with a new title above. Or hit Add New on the left (of the admin dashboard) to start a fresh post.

Here are some suggestions for your first post.

  1. You can find new ideas for what to blog about by reading the Daily Post.
  2. Add PressThis to your browser. It creates a new blog post for you about any interesting  page you read on the web.
  3. Make some changes to this page, and then hit preview on the right. You can alway preview any post or edit you before you share it to the world.